26 қыр, 2020 сағат 06:30

Украинадағы әскери ұшақ апаты: 25 адамның қаза тапқаны белгілі болды

Украина ҚК Әуе Күштері Ан-26 (б/н 76) ұшағы құлаған кезде 25 адамның қаза тапқандығы белгілі болды, деп хабарлайды «Укринформ» сайты.

25 қыркүйекте сағат 20.50-де Чугуев қаласының маңында әскери әуежайдан шамамен екі шақырым қашықтықта Украина ҚК Ан-26 ұшағы құлап, өртенген. Бортта 7 экипаж мүшесі және И.Кожедуб атындағы Әуе Күштері университетінің 20 курсанты, барлығы 27 адам болған, деп хабарлады Facebook-те УҚК Әуе Күштері басшылығы.

Ұшу білім беру бағдарламасы шеңберінде өткен болатын.