Фото: ашық дереккөз
Украина әскери іс-қимылдарға 30 күнге дейін үзіліс жасауға келісім берді – бұл туралы Киев АҚШ-пен Джиддадағы келіссөздер нәтижесінде мәлімдеді.
Тараптар тағы не туралы келісті:
— Украина Трамптың атысты дереу және толық тоқтату талабына келісті – тек әуеде және теңізде ғана емес (бұрын Киев осылай ұсынған), сонымен қатар құрлықта да.
— АҚШ пен Украина сирек жер металдары бойынша қысқа мерзімде келісімге келуге уағдаласты.
— АҚШ Украинамен барлау деректерімен алмасу үзілісін дереу тоқтатады.
— Вашингтон Киевке әскери көмекті қайта жеткізуді бастайды.