16 мау, 2020 сағат 12:11

Украина президентінің зайыбы коронавирус диагнозымен, ауруханаға түсті

Украина президентінің зайыбы Елена Зеленская Кивете пневмония диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Укринформ агенттігі хабарлады.

Агенттіктің хабарлауынша, Елена Зеленскаядан «COVID-19 табылған және оның жағдайы орташа ауыр деп бағалануда. 

«Елена Зеленская оттегі аппаратына қосылған жоқ. Жағдайы тұрақты», - делінген Президент кеңсесінің телеграмм каналында таратылған ақпаратта. 

Алайда, кеше Украина президент Владимир Зеленский мен оның балаларынан алынған COVID-19 сынамаларынан ауру анықталған жоқ.

Еске салсақ, Украинада коронавирус жұқтырғандар саны 30 мыңнан асып кетті.