12 нау, 2025 сағат 11:18

Украина президенті Владимир Зеленский Сауд Арабиясындағы келісім бойынша мәлімдеме жасады

Фото: ашық дереккөз

Владимир Зеленский Сауд Арабиясында америкалық командамен өткен кездесуден кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ult.kz.

Бұл кездесуде Украина үш негізгі ұсыныс жасаған:

  • 1. Аспанда тыныштық – зымырандар, бомбалар, алыс қашықтықтағы дрондар тоқтатылуы керек.
  • 2. Теңізде тыныштық орнауы тиіс.
  • 3. Дипломатиялық үдерістің сенімділігін арттыру мақсатында нақты қадамдар жасалуы қажет, ең бастысы – тұтқындарды босату.

Айтуынша, америкалық тарап Украинаның дәлелдерін түсінді, ұсыныстарын қабылдады.

"Мен Президент Трампқа біздің командалар арасындағы сындарлы диалог үшін алғысымды білдіремін", - деді Зеленский.


Кездесуде АҚШ тарапынан жаңа ұсыныс айтылды – 30 күн бойы толық атысты тоқтатуды сынап көру. Бұл тек зымырандарға, дрондарға және бомбаларға ғана емес, Қара теңізге және барлық майдан шебіне қатысты. Украина бұл ұсынысты қабылдайтынын және оны оң қадам деп санайтынын жетізді.


"Біз бұған дайынбыз. АҚШ Ресейді осыған көндіруге тиіс. Біз келісеміз, ал егер «ресейліктер» де келіскен жағдайда, тыныштық орнайды. 
Бүгінгі әңгіменің маңызды бөлігі – АҚШ-тың Украинаға қорғаныс көмегін және барлау мәліметтерімен алмасуды қайта жандандыруға дайын екендігі. 
Украина бейбітшілікке дайын. Енді Ресей өз таңдауының қандай екенін көрсетуі керек – олар соғысты тоқтатуға дайын ба, әлде жалғастырмақ па? 
Ақиқаттың уақыты келді. Украинаға көмектесіп жатқан барлық адамдарға алғыс айтамын", - деді ол.