Фото: BBC
Стамбұл қаласында өткен келіссөздер нәтижесінде Ресей мен Украина 1000 адамға 1000 адам тұтқын алмасу туралы шешімге келді, деп хабарлайды Ult.kz.
Украина тарапы Президенттер деңгейінде кездесу өткізу туралы ұсыныс жасаған еді алайда оны Ресей қабылдамады.
Екі тарап та бүгінгі келіссөздердің нәтижесіне көңілдері толатындықтарын жеткізді. Сондай-ақ әрі қарай жалғастыруға ниетті екендіктерін білдірді.
Ал сарапшылардың пікірінше, араға үш жыл салып қайта жанданған келіссөздер соғыстың аяқталуға жақын қалғанының белгісі.