14 қыр, 2023 сағат 12:48

ҰҚК шетелдіктерді елге заңсыз кіргізумен айналысқан қазақстандықты ұстады

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

ҰҚК шетел азаматтарының Қазақстан аумағына заңсыз көші-қон арналарын анықтау және жолын кесу жөніндегі іс-шараларды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

"Атап айтқанда, 9 қыркүйекте Ақтөбе облысы бойынша ҰҚКД жедел уәкілдері заңсыз көші-қон арнасының жұмыс істеуіне жалпы қамқорлық жасауы үшін лауазымды тұлғаға пара берді деген күдікпен Қазақстан азаматын ұстады.

Алдын ала мәліметтер бойынша бұл арна шетелдік жұмысшыларды республикадағы еңбек қызметіне тиісті рұқсатсыз тарту үшін пайдаланылған.

Пара нысаны ретінде 400 мың теңге сомасында ақшалай қаражат алынды" - делінген хабарламада.


Ведомство мәліметінше, Қылмыстық кодекстің 367-бабының 2-бөлігі (айтарлықтай мөлшерде жасалған пара беру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.