20 қыр, 2023 сағат 13:38

ҰҚК кәсіпкерлерден ақша бопсалаған қылмыстық топты ұстады

Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

18 қыркүйекте Маңғыстау облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура және полиция органдарымен бірлесіп, қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олар кәсіпкерлерден ақша бопсалады, ауыр дене жарақатын салды және заңсыз қару сақтады деген күдікке ілініп отыр.


"Операция кезінде қылмыстық топтың көшбасшысы мен 3 мүшесі ұсталып, атыс қаруы мен оқ-дәрілер тәркіленді.

Қолда бар деректерге сай, олар облыстық және халықаралық тас жолдарда жеке тасымалмен айналысатын кәсіпкерлерден физикалық түрде жәбір көрсету қаупімен ақша талап еткен.

Шабуылға ұшыраған жәбірленушілердің арасында лауазымдық міндеттерін атқарып жүрген Шекара қызметінің әскери қызметкері де бар" - делінген хабарламада.

Сот санкциясымен ұсталған тұлғалар қамауға алынды. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.