03 нау, 2017 сағат 12:40

ҰБТ-да Димаш Құдайберген мен Геннадий Головкин жайлы сұрақтар пайда болуы мүмкін

ҰБТ-да Димаш Құдайберген мен Геннадий Головкин жайлы сұрақтар пайда болуы мүмкін, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz.

"Қазір біз сұрақтар дайындап жатырмыз. Ол жақта Димаш Құдайберген мен Головкин де болады. Бұл "сыни оқу" деп аталады. Яғни мәтін оқисыз, мәтін дельфиндер, ұлттық батырлар жайлы немесе тіпті жұрттың назарындағы адамдар болуы мүмкін. Осыдан кейін бала мәтінге қатысты сұрақтарға жауап беруі тиіс. Студенттер жауап беретін мәтіндерде танымал адамдардың болуынан еш сөкеттілік көріп тұрғанымыз жоқ. Себебі бұл сынақ емтихандары. Мысалы, Головкин мен Винокуровты қосуға болады. Мұнда еш жамандық жоқ", - деді Парламент отырысының үзілісінде Ерлан Сағадиев.

Еске сала кетейік, осыған дейін Ұлттық орталық Баян Есентаева жайлы сұрақтың неліктен тестілеуге енгізілгенін түсіндірген болатын. 1 қаңтардан бастап жаңа форматқа өзгертілген сұрақ-жауапта Баян Есентаевамен қатар, талай әртіс-шоумендердің аты аталған екен. Ал қазақ тілі мен әдебиетінің орнын басқан "Оқу сауатылығы" пәнін осындай сұрақтармен толтырған Ұлттық тестілеу орталығындағылар болса жастарды шоуға тарттық деп отыр.