28 шіл, 2022 сағат 13:14

«Тыңдайтын мемлекет»: ҚХА тәжірибелік семинар өткізді



Атырау облысы Құрманғазы ауданында «Тыңдайтын мемлекет» және ҚХА қызметіндегі жаңа тәсілдер» тақырыбында тәжірибелік семинар өтті, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Семинардың негізгі мақсаты – «Тыңдайтын мемлекет» тұжырымдамасы аясында еліміздегі әрбір азаматтың қоғамдағы рөлі мен өмірінің маңыздылығын түсіндіру болып табылады.

Аталған шараға азаматтық қоғам өкілдері ғана емес, аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің, Аналар кеңесінің мүшелері, медиаторлар, жергілікті атқарушы, сот және құқық қорғау органдарының өкілдері, түрлі этнос өкілдері қатысты.

«Тыңдаушы мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру баршамызға ортақ міндет. Осыған байланысты семинарда билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату бойынша атқарылып жатқан жұмыстар, халықпен тығыз қарым-қатынас орнатудың түрлі тәсілдері талқыланды. Сондай-ақ, қоғамдық медиаторларды сайлаудың жаңа ережелері, кәсіби келіссөз жүргізушілер институтын қалыптастыру, құрылып жатқан республикалық этномедиация оқу орталығының базасында аудандық деңгейде мемлекеттік қызметшілерді оқыту мәселелері түсіндірілді. Семинарға қатысушылар «Ашық есік күні» республикалық акциясын өткізу тұжырымдамасымен танысты», – дейді Атырау облысы Достық үйінің меңгерушісі.

Тәжірибелік семинар соңында облыстық ҚХА қоғамдық құрылымдарының белсенділеріне алғыс хаттар табыс етілді. Сондай-ақ семинарға қатысушылар «Мәдениетті ана – мәдениетті ел» концепциясы бойынша театрландырылған қойылымның көрермені болды.

«Мен Атырау облысында елу жылдан астам уақыт тұрып келемін. Саналы ғұмырымды осы өңірде өткіздім. Қазақстанның саясаты, Қазақстан халқы ассамблеясының қызметіне сондай ризамын. Өзімізді ешқашан бөтен сезінген емеспіз. «Еститін мемлекет» тұжырымдамасы да еліміздегі әрбір азаматтың бүгінгі жағдайынан хабардар әрі сарабдал саясат ұстанып отыр деген сенімдемін. Бүгін «Мәдениетті ана – мәдениетті ел» концепциясы бойынша өткізілген қойылымға қатысып, мен де өз үлесімді қостым», – дейді көп балалы аналардың бірі.

Естеріңізге сала кетейік, Атырау облысы Құрманғазы ауданында «Тыңдайтын мемлекет» және ҚХА қызметіндегі жаңа тәсілдер» тақырыбында тәжірибелік семинар өтті. Аталған шараға азаматтық қоғам өкілдері ғана емес, аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің, Аналар кеңесінің мүшелері, медиаторлар, жергілікті атқарушы, сот және құқық қорғау органдарының өкілдері, түрлі этнос өкілдері қатысты. Ал семинардың негізгі мақсаты – «Тыңдайтын мемлекет» тұжырымдамасы аясында еліміздегі әрбір азаматтың қоғамдағы рөлі мен өмірінің маңыздылығын түсіндіру болып табылады.