22 ақп, 2022 сағат 12:02

Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарындағы тауларда қардың қоры көпжылдық нормадан төмен


ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев биылғы қыста жазық өңірлерде ылғал қоры көпжылдық нормадан төмен қалыптасқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бірінші ақпандағы жағдай бойынша бірнеше облыста қар жамылғысының ылғал қоры орташа көп жылдық мәндерден жоғары болуы байқалуда», - министр.

Атап айтсақ, Ақмола облысындағы Сілеті өзенінің бассейнінде 25 пайызға дейін, Қостанай облысындағы Торғай және Қараторғай өзендерінің бассейндерінде 12 және 57 пайыз пайызға дейін, Батыс Қазақстан облысындағы Шежін-2 және Утва өзендерінің бассейндерінде 22 пайызға дейін артып отыр.

Алайда, ведомство басшысының айтуынша, жазық аумақтың басым бөлігінде ылғал қоры орташа көп жылдық мәндерден төмен.

«Елдің таулы аумақтарында қардың қоры бойынша жағдай мынадай. Шығыста Бұқтырма және Шүлбі су қоймалары аймағында қар қорының деңгейі орташа көп жылдық мәннен 22% пайызға дейін жоғары. Тарбағатайдың оңтүстік-батыс жағында көп жылдық орташа мәннен 38% пайызға төмен. Ертіс өзенінің сол жақ ағындарында орташа көп жылдық мәндер шегінде. 

Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының тауларындағы қар қорының деңгейі орташа көп жылдық мәннен төмен. Шығыс және оңтүстік өңірлердегі тау өзендерінің бассейндерінде су тасқыны жаңбыр түрінде жауын-шашын көп түскен жағдайда қалыптасатынын атап өту қажет.», -деді Серікқали Брекешев.