3 сәуір күні Түркістан облысында коронавирус індетін жұқтырған тағы 3 адам тіркелді. Бүгінде өңірде 19 адам коронавирус індетіне шалдыққан, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" блыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оның ішінде 10 науқас - Жетісай ауданында, Кентау қаласында - 2 адам, Арыс қаласы - 1, Мақтаарал, Ордабасы және Сайрам аудандарында 1 адамнан тіркелді.
Олар осыған дейін COVID-19 жұқтырған науқастармен байланыста болған.
Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда.
Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмысы жүріп жатыр.