18 шіл, 2023 сағат 17:35

Түркістан облысында басқарма басшысының орынбасары пара алды деген күдікке ілінді

© Fotolia / oldbunyip

Түркістан облысында басқарма басшысының орынбасары пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

"Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Бизнеске жол» жобасын іске асыру аясында Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Ол мемлекеттік органдарды ақпараттандыру және цифрландыру қызметтерін көрсетуге, орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қою бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасқаны үшін 10 млн теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді. Шарттың жалпы сомасы 280 млн теңгені құрайды" - делінген хабарламада.

Антикор мәліметінше, күдікті тергеу сотының санкциясымен қамауға алынған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.