05 қаң, 2017 сағат 18:33

Түріктің Измирінде жарылыс болды

Түркияның батысында орналасқан Измирдегі жарылыстан кем дегенде үш адам зардап шекті, - деп хабарлайды Reuters CNN Turk телеарнасына сілтеме жасап.

Жарылыстың сот ғимаратының маңында болғаны айтылады. Түрік ақпарат құралдарының мәліметінше, миналанған көлік жарылып кеткен.

Әзірше қаза тапқандар жайлы мәлімет түскен жоқ. Сондай-ақ, Измирде жарылысты ұйымдастырды делінген екі лаңкестің көзі жойылғаны хабарланып отыр.

Ал РИА Новости мәліметінше, террористік акт Сириядағы Латакия провинциясының Джабле қаласында болған. Басылым мәліметінше, жойқын жарылыс сол маңдағы стадионда болған. Терактіден тоғызға жуық адам қаза тапқан. 25 адам зардап шеккен.