«Кселл» Алматы метрополитен станциясын 5G, 4G және 3G технологиялары бойынша байланыспен қамтуды белсенді жалғастыруда. Бүгінгі таңда компания 11 станцияның жетеуін байланысқа қосты, қазір қалған станцияларда желілік инфрақұрылымның құрылысы жүргізілуде. Оңтүстік астананың тұрғындары мен қонақтары бүгінде Райымбек, Жібек жолы, Алмалы, Абай, М.Әуезов Байқоңыр және Алатау станцияларында барлық телеком-қызметтерді және цифрлық сервистерді пайдалана алады.
Естеріңізге сала кетейік, қазан айының басында «Кселл» бірінші болып метроның Жібек Жолы станциясында жаңа технология бойынша интернетті іске қосты, екіншісі Райымбек станциясы болды. Міне, екі айдың ішінде компания Алматы метросының тағы 5 станциясына базалық станцияларды орнатуға мүмкіндік алды. Кезекте Сайран және Мәскеу станциялары тұр, мұнда да жақын арада интернет қызметі іске қосылады. Метрополитенде барлығы 11 станция бар және олардың әрқайсысын оператор тек 5G технологиясы бойынша ғана емес, сондай-ақ, 4G және 3G технологиясы бойынша да байланыспен және интернетпен қамтамасыз етуге ниетті. Ең бастысы, серіктестер жер астында «транспорттық ортаны» қамтамасыз етсе болғаны.
«Біз кезең-кезеңмен мәреге жақындап келеміз – біздің мақсатымыз барлық метро станцияларын мобильді байланыспен және интернетпен қамтамасыз ету. Қазір 7 станцияда барлық құрылыс процестерін аяқтадық, тағы екеуінде белсенді дайындық және инсталляциялық жұмыстар жүріп жатыр және жақын арада біз оларды қосуды жоспарлап отырмыз. Біз үшін бұл жоба жаңа сын-тегеурін және кәсібилігімізді тексеруге жақсы мүмкіндік болды, өйткені барлық жұмыстарды метро станцияларындағы жұмыстар, барлық қозғалыс тоқтатылған кезде ғана, яғни түнде орындауға тура келеді. Оның үстіне біздің мамандар командасы бірнеше сағат бойы жер астында қолайсыз жағдайда жұмыс істеп келеді» - дейді «Кселл» АҚ 5G жобасының директоры Магометгирей Катиев.
«Бүгінде «Кселл» компаниясы өзінің базалық станцияларын орнату жұмыстарын жүргізуде. Алдағы уақытта метрополитен мамандары барлық ұялы байланыс операторларын тартуды жоспарлап отыр. Біз қазіргі заманда байланыста болудың қаншалықты маңызды екенін түсінеміз және жолаушыларымызға сапарларын қолайлы әрі технологиялық ететін заманауи қызметтерді ұсыну үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», - деп хабарлады метрополитеннің баспасөз қызметі.
Бұрын метро жолаушылары станцияға түскен сәттен бастап жер бетіне шыққанға дейін мобильді желінің кіру аймағынан тыс қалатын. Жағдайды «Кселл» өзгертті және биылғы жылдың күзінен бастап жер астындағы желілік инфрақұрылым құрылысы бойынша жұмыстарды бастады. Енді компания метро жолаушыларын туннельде де байланыспен қамтамасыз ету мүмкіндігін пысықтап жатыр.
«Базалық станцияларды орнатқаннан кейін біздің мамандар сигналдың сапасын және желінің өткізу қабілетін тексерді, ол 4G технологиясы бойынша орташа есеппен - 100 Мбит/с, ал 5G технологиясы бойынша 1000 Мбит/с құрайды. Жалпы, өздеріңіз білетіндей, біз байланыстың жаңа буынын өрістетуді өткен жылы бастадық және бүгінде елімізде 1172-ден астам 5G базалық станциясы орнатылды, оның үстіне көптеген өңірлерде жұмыстар кесте мен лицензиялық міндеттемелерден оза жүргізілуде. Алматы метрополитеніне келетін болсақ, бұл оңтүстік астанадағы трафигі ең тығыз орындардың бірі және біз үшін жолаушыларды жер астындағы байланыспен және интернетпен қамтамасыз ету өте маңызды», - деп атап өтті «Кселл» АҚ Басқарма төрағасы Асқар Жамбакин.
Айта кетейік, тәулігіне «жерасты» пойыздары 100 мыңға дейін адамды тасымалдайды, жолаушылар ағыны жылына шамамен 25 миллион адамды құрайды, олар енді «желінің әрекет ету аймағынан тыс» қалмайды және өз құрамын күтіп, барлық телеком-қызметтер мен сервистерді пайдалана алады. Болашақта Алматыда тағы 4 жаңа станцияны іске қосу жоспарланып отырғаны белгілі, мұнда «Кселл» түрлі технологиялардағы ұялы байланысты орнатпақ.
«Кселл» АҚ корпоративтік байланыс бөлімі