Денсаулық министрі мектептерді дәстүрлі оқыту форматқа ауыстыру туралы мәселелерді қарастырып жатыр. Ал премьер-министр Асқар Мамин мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында мектептерді дәстүрлі штаттық режимге ауыстыру мәселесі қаралып жатқанын айтты, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Тілшілер алдында онлайн баспасөз мәслихатын ұйымдастырған Денсаулық сақтау министрі Алекцей Цой білім министрлігімен бірге екінші тоқсанның қандай форматта өтетінін талқылап жатқанын айтқан болатын.
«Біз қазір бұл мәселені қарастырып жатырмыз. Сіздер көріп отырсыздар, өңірлерде вирус жұқтырған балалар анықталуда. Оффлайн режимде оқитындар қашықтан білім алатындарға қарағанда індетке жиі шалдығады. Бізде білім министрлігімен осындай сыныптарды оқытуға мүмкіндік беретін әдіс-тәсілдер бар. Екінші тоқсан қандай форматта өтетінін әлі талқылап жатырмыз», – деді министр.
Биылғы жолдауда мемлекет басшысы санитарлық талаптарды сақтай отырып, білім алудың қалыптасқан дәстүрлі тәсіліне қайта көшудің тәртібін әзірлеуді тапсырған болатын.
Айта кетейік, Білім және ғылым министрлігі дәстүрлі білімге беруге көшуге қатысты бірнеше ұсыныс жасаған болатын. Денсаулық сақтау вице-министр Шолпан Каринова Білім министрлігі де ата-аналар мен педагогтар сияқты мектептердің жұмысын штаттық режимде қалпына келтіруді қалайтынын айтты. Осыған байланысты министрлік санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға қарай дәстүрлі білімге көшудің бірнеше жолын ұсынды.
Белгілі болғанындай, министрлік мектептерді жергілікті биліктің шешімімен ашуды ұсынып отыр. Өйткені әр аймақта санитарлық-эпидемиологиялық жағдай әртүрлі. Сосын ондай шешім жергілікті санитарлық дәрігермен келісіп жасалуы қажет.
Мектептердің жұмысын жандандыруға қатысты басқа да ұсыныстар бар.
«Жалпы биылғы жыл қай салаға болсын оңайға соқпады. Әсіресе білім саласына да оңай болмай тұр. Балаларды қашықтан онлайн оқыту жүйелі түрде жүзеге асырғанымызбен, дәстүрлі оқудың орны бөлек екенін әрбіріміз жанжүрегімізбен сезіндік. Мұғалімдер де, оқушылар да, ата-аналар да биылғы жылы өте үлкен жауапкершілікті сезініп отыр. Онлайн оқу кей баланың дамуы мен жан-жақты білім алуына кері ықпал еткенін де жасыра алмаймыз. Себебі интернеттің ар жағындағы баланың дұрыс қабылдағанын, бұрыс қабылдағанын мұғалім көре алмайды. Осындай қиындықтардың барлығын жеңіп, қалыпты тіршілікке келерімізге сенім білдіремін», - деді министр.
Айта кетейік, биылғы жолдауда мемлекет басшысы санитарлық талаптарды сақтай отырып, білім алудың қалыптасқан дәстүрлі тәсіліне қайта көшудің тәртібін әзірлеуді тапсырған болатын. Бұған дейін премьер-министр Асқар Мамин мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында мектептерді дәстүрлі штаттық режимге ауыстыру мәселесі қаралып жатқанын айтқан еді.
Естеріңізге сала кетейік, Денсаулық министрі мектептерді дәстүрлі оқыту форматқа ауыстыру туралы мәселелерді қарастырып жатыр. Ал премьер-министр Асқар Мамин мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында мектептерді дәстүрлі штаттық режимге ауыстыру мәселесі қаралып жатқанын айтты.
Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстанда 3,4 миллион бала білім алып жатыр: қашықтан оқыту форматында – 2,4 миллион; дәстүрлі форматта – 953 мың, оның ішінде 647 мың бала кезекші сыныптарға (1-4 сынып), шағын жинақты 3047 мектепке 306 мың оқушы барып жүр. Белгілі болғанындай, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлінің хабарлауынша, екінші тоқсанда 1,2 миллион оқушы мектепке барып оқиды. Белгілі болғанындай, республикада барлығы 3,4 миллион оқушы бар, олардың басым бөлігі – 2,2 миллионы қашықтан оқуды жалғастырады.