15 қаз, 2020 сағат 12:20

«Цифрлы Қазақстан»: Ақмолада 555 мектеп кең жолақты интернетке қосылды

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ақмола облысында жалпы білім беретін 555 мектеп 4-тен 8 Мбит/секунд және одан жоғары жылдамдықты кең жолақты интернет желісіне қосылды, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Бұл Білім және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға дейінгі және «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде білім саласы жүйесін цифрландыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанының айқын көрінісі болып отыр.

«Бүгінгі күні интернет-ресурстарда оқушылардың білім беру үрдістеріне қатысуына және мұғаліммен кері байланыс жасауына, онлай сабақтарға қатысуға, сабақтарды жазып, сақтауға мүмкіндік береді. Білім беру платформаларына облыстың 15 ауданы мен қалаларындағы барлық мектеп қосылды. Көкшетау және Степногор қалаларында «Online Mektep» модулі Bilimland платформасы қолданылады. Ерейментау және Шортанды аудандары оқу үрдісінде «DDaryn.online платформасын қолданады», - деді облыстық білім басқармасының басшысы Валерий Гамазов.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, үш тілде қырық мың сабақ пен бір миллионнан астам мультимедиялық материал бар «Bilimland» білім беру платформасын қолдану мұғалімнің жұмысын жеңілдеп отыр. Атап айтқанда, қазіргі таңда 16 мыңнан астам компьютер техникасы бар. Биыл 2460 компьютер сатып алынған. Мемлекеттің қолдауының арқасында өңірге 23 мың компьютер сатып алу мүмкіндігі ұсынылған. Бұл көрсеткіш облыстағы оқушылардың компьютер техникасына деген сұранысын екі есеге азайтатыны сөзсіз.

Сонымен қатар, белгілі болғанындай, облыстағы барлық 1321 білім беру ұйымы Ұлттық білім беру базасының мәліметтері ресурстарын қолдану арқылы жұмыс істейді.

«Цифрландыру мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде де жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні кез келген ата – ана баласын электронды жүйе арқылы есепке қоя алады. Осы жүйе арқылы 14 мыңнан астам бала мектепке дейінгі білім беру мекемесіне кезекке қойылды. Бүгігі таңда дамытудың 2020-2025 жылдарға дейінгі және «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында барлық сала қашықтан қызмет көрсетіп, онлайн жұмыс істеуге көшті. Еліміздегі ғана емес, әлемдегі жағдайды қиындата түскен пандемия әсерінен біз цифрлануды жүзеге асыруды қарқынды түрде жүзеге асыра бастадық. Әсіресе білім беру саласына оңайға соқпады. Балабақшадан бастап, мектеп, колледж, жоғарғы оқу орындары да қашықтан лбілім беріп, онлайн оқытып отыр. Мұның өзі «Цифрлы Қазақстанның» бір көрінісі деп бағалауымызға болатын шығар», - деп толықтырды Валерий Гамазов.

Естеріңізге сала кетейік, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ақмола облысында жалпы білім беретін 555 мектеп 4-тен 8 Мбит/секунд және одан жоғары жылдамдықты кең жолақты интернет желісіне қосылды. Бұл Білім және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға дейінгі және «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде білім саласы жүйесін цифрландыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанының айқын көрінісі болып отыр.