06 мау, 2025 сағат 14:19

Трамп пен Маск желіде жанжал шығарды

Фото: видеодан скриншот

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Tesla мен SpaceX компанияларының иесі, үкіметтің тиімділігі жөніндегі бұрынғы департамент (DOGE) басшысы Илон Маск 5 маусым күні әлеуметтік желілерде қатты жанжалдасып қалды, деп хабарлайды Ult.kz.

Трамп Масктың компанияларын субсидиялардан айырамын деп сес көрсетті, ал Маск оған жауап ретінде SpaceX компаниясы Dragon ғарыш кемесін пайдалануды дереу тоқтататынын мәлімдеді.

Жанжалдың ашық түрде ушығуы Ақ үйде өткен баспасөз мәслихатында Трамптың Маскты сынға алған сәтінен басталды. Президент Маскты Республикалық партияның салықтық жеңілдіктер мен бюджетке қатысты заң жобасына қарсы шыққаны үшін айыптады.

Трамп Маскты "ақылынан адасты" деп атап, ал Маск өз кезегінде Трампқа импичмент жариялау керек екенін айтты.

Жанжал салдарынан Tesla-ның акциялары құлдырады. Масктың байлығы бір күнде 26,6 миллиард долларға азайды — бұл сома Трамптың бүкіл байлығынан бес есе көп.

"Tesla 150 миллиард долларлық нарықтық капитализациясынан айырылды, бұл көрсеткіш одан кейінгі үш ең қымбат америкалық автокөндіруші компаниялардың (Ford, General Motors және Rivian) жиынтық құнынан асып түседі", - деп жазды Forbes.


Axios басылымының жазуынша, Трамп Маскпен болған жанжалдың салдарынан бір күнде 1 миллиард доллардан астам қаржы жоғалтқан болуы мүмкін.

Trump Media and Technology Group компаниясының акциялары 8%-ға төмендеп, бұл Трампқа шамамен 202 миллион долларға түсіп отыр. Алайда одан да ауыр соққы — Трамптың TRUMP атты мемкоинының шамамен 10%-ға құлдырауы, бұл оған 900 миллион доллардай шығын келтірген болуы мүмкін.

Дегенмен, бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметіне сүйенсек, Масктың шығыны бұдан да көп — олар оны шамамен 34 миллиард доллар деп бағалап отыр.