26 жел, 2016 сағат 08:47

Трамп Обаманың 70% жарлықтарының күшін жоймақ

АҚШ конгресінің бұрынғы спикері Ньют Гингрич Fox News телеарнасының эфирінде АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп инаугурациядан кейін Обама қол қойған жарлықтардың 70 пайызын өзгертетінін мәлім етті, деп жазды Gazeta.ru.

«Меніңше, ол өзінің тағайындалуынан кейін алғашқы күндері Б.Обамадан мұраға қалған жарлықтардың 60 немесе 70 пайызының күшін жояды. Сондай-ақ, ол Демократиялық партияның бірнеше өкілімен байланыс орнатуға тырысады деп ойлаймын.

Бұл республикашыларды таңғалдыруы мүмкін, бірақ осы әрекеттер Трампқа Ақ үй мен Сенаттағы жақтастарын көбейтуге септігін тигізеді», - деді Гингрич.

Оның айтуынша, Трамп «ақылды заңгерлердің» көмегімен Обаманың қайта қарауға жатпайтын жарлықтарын да жоюы мүмкін. 

ҚазАқпарат