09 қаз, 2025 сағат 17:59

Трамп: Израиль мен Хамас бейбіт келісімге келді

Фото: Коммерсант

Израиль мен ХАМАС бейбіт жоспардың алғашқы кезеңі бойынша келісімге қол қойды.

"Мен Израиль мен ХАМАС біздің бейбіт жоспарымыздың алғашқы кезеңіне қатысты келісімге қол қойғанын қуана хабарлаймын. Бұл барлық тұтқын жақын арада босатылады дегенді білдіреді, ал Израиль әскерін келісілген шепке дейін әкетеді — бұл тұрақты, сенімді және мәңгі бейбітшілікке бағытталған алғашқы қадамдар", — деп жазды АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social желісінде.


Оның айтуынша, "барлық тарапқа әділ қатынас көрсетіледі". Сондай-ақ америкалық лидер Қатар, Мысыр және Түркиядағы делдалдарға алғысын білдірді.

Сонымен қатар ХАМАС мәлімдеуінше, Газа секторында атысты тоқтату жөнінде келісімге қол жеткізілгенін. Ұйымның хабарламасында бұл құжат Израиль әскерінің шығуын, анклавқа гуманитарлық көмек жеткізілуін және израильдік тұтқындарды палестиналық тұтқындарға айырбастауды көздейтіні айтылған.

Осыған байланысты ХАМАС Трампқа, келісімнің кепілі болып саналатын мемлекеттерге, сондай-ақ араб және ислам елдеріне Израильдің келісім бойынша өз міндеттемелерін толық орындауын және бұл процеске кедергі келтірмеуді қамтамасыз етуді сұрап жүгінді.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мәлімдеуінше, ел үкіметінің отырысын шақырып, Газа секторындағы атысты тоқтатудың алғашқы кезеңі жөніндегі келісімді ратификациялау жоспары бар екенін.