04 нау, 2026 сағат 12:48

Трамп Испаниямен сауда қатынасын үзетінін мәлімдеді

Фото: iStock.com

Дональд Трамп Иранға қарсы шабуылға қолдау көрсетпегені үшін Испаниямен барлық сауданы тоқтатпақ, деп хабарлайды Ult.kz.

Бұл туралы АҚШ Президенті Дональд Трамп Вашингтонда Германия канцлері Фридрих Мерцпен өткен кездесуінде айтты. Бұған дейін Испания АҚШ-тың Иранға бағытталған операциялары үшін өз аумағындағы әуе және әскери базаларын пайдалануға рұқсат бермеген еді.

Ал Испания билігі АҚШ-ты халықаралық құқық пен сауда келісімдерін сақтауға шақырып, елдің болашақ сауда мәселесінің салдарымен күресуге жеткілікті ресурстары бар екенін айтты.

Бүгін Израиль Иранмен қатар Оңтүстік Ливанға да әуе соққыларын жасады. Бұл әрекет Хезболла жасағының шабуылына жауап ретінде жасалып отыр.

Сондай-ақ, Иранның жоғарғы жетекшісін тағайындауға жауапты, құрамында шамамен 88 мүшесі бар орган орналасқан ғимаратқа соққы жасалғаны айтылды. Алайда ғимараттағы адамдар зымыран соққысына дейін эвакуацияланған.