- АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп АҚШ ядролық қарулану саласындағы мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтуі тиістігін мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ресей Жаңалықтары агенттігіне сілтеме жасап.
«Жер-жаһан ядролық бомбаларға қатысты есін жимай тұрғанда Құрама Штаттар өзінің ядролық мүмкіндіктерін айтарлықтай нығайтуы және кеңейтуі тиіс», - деп жазды Трамп Twitter-де. Трамп өзінің жазбасына қатысты толық мән-жайды атап өтпеді.
Еске салайық, Дональд Трамп Хилари Клинтонмен өткен сайлауалды пікірталаста Ресейдің ядролық арсеналы америкалыққа қарағанда жаңа, ал АҚШ мүмкіндіктері тозғанын атап өткен болатын.
«Трамп ядролық қауіпті ең үлкен қатер» деп атады және мұндай қарудан толығымен бас тарту жөн боларын қосып өтті. Бірақ өзінің президенттік қызметінде ядролық қарусыздануды бірінші болып бастамайтындығын қадап айтты.