АҚШ Президенті Дональд Трамп елде есірткіге байланысты төтенше жағдай жариялауға ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.
«Келесі аптада есірткіге байланысты төтенше жағдай жариялауға ниет білдіріп отырмын. Жағдай өте қиын», - деді ол Fox Business телеарнасына берген сұхбатында.
Оның айтуынша, Мексикамен шекарада қорған салу АҚШ-қа есірткі тасымалдау проблемасын да шешеді.
Трамп заңсыз иммиграциядан қорғану үшін Мексикамен шекарада қорған салуға уәде берді. Тамызда АҚШ президенті Мексиканы қорғанды қаржыландыруға мәжбүрлейтінін қайталаған болатын. Оның пікірінше, бұл бастама Мексикадан импортталатын есірткіні шектеп, қылмысты жоюға септігін тигізеді.
Соңғы 25 жылда АҚШ-та жасанды опиаттарды (апиынның есірткілік алкалоиді) қолдану шамамен үш есе артқан, жыл сайын 200 миллионнан астам рецепті шығарылады екен.
2014 жылдағы мәлімет бойынша, АҚШ-та екі миллионнан астам адам синтетикалық опиаттарға тәуелді екен, бұл героин қолданатындардан 5 есе көп.
Жылына опиаттардан 100 мың адам көз жұмады, героинге қарағанда медициналық препараттарды шамадан тыс қолданудан өлетіндер көп.
Тамызда Трамп опиаттарға тәуелділікпен күрес жөнінде кеңес өткізіп, профилактикаға мән беру керек екенін айтты.