24 мау, 2022 сағат 16:38

Толассыз жауыннан кейін Алматы көшелерін су басты


Алматыда толассыз жауған жаңбырдан көшелерді су басты. Тұрғындар әлеуметтік желіде видеоларын бөлісіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

24 маусымда сағат 14:30 шамасында қалада нөсер басталды. Жауын жарты сағаттай жауды. Салдарынан көліктер мен ғимараттар зардап шекті.

Куәгерлердің айтуынша, Алтынсарин даңғылы мен Жандосов көшесі қиылысында автобус өртенген.

Наурызбай ауданында тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласын су басқан.

Навои мен Рысқұлбеков көшелері қиылысындағы жолды да су басып, көлік қозғалысы қиындады.

Қаланың кей жерлерін су басып, тұрғындар су кешуге мәжбүр болды.