25 шіл, 2025 сағат 11:58

Тоқаев Түркияға ресми сапармен барады

Фото: Ақорда

29 шілде күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға ресми сапармен барады, деп хабарлайды Ult.kz.

Анкарада екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту мәселесін талқылайды. 

Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғарғы деңгейдегі  стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің бесінші отырысын өткізеді.