26 сәу, 2021 сағат 12:55

Тоқаев «Qazaq Republic» жобасының авторын қабылдады


Мемлекет басшысы «Qazaq Republic» жобасының авторы Сәкен Жолдасты қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Qazaq Republic» брендінің дамуы, жаңа әзірлемелер мен жобалардың іске асырылуы жайында баяндалды. 

Сәкен Жолдас Қасым-Жомарт Тоқаевқа отандық кәсіпкерлердің пандемия жағдайындағы жұмысы, бизнестің түйткілді мәселелерінің шешімі және мемлекеттік құрылымдар тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау туралы айтты.

Сондай-ақ әңгімелесу барысында қазақстандық заманауи бірегейлікті қалыптастыру жөнінде ұсыныстар айтылды.

Президент еліміздегі креативті индустрияны дамытуға мемлекет ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті.