07 қыр, 2025 сағат 13:26

Тоқаев Луис Инасиу Лула да Силваны құттықтады


Фото: Ақорданың баспасөз қызметі


Мемлекет басшысы Бразилия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Ақорда.


Қасым-Жомарт Тоқаев президент Луис Инасиу Лула да Силваны Бразилияның төл мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
 
Қазақстан Президенті екі ел арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынастың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтіп, тиімді ынтымақтастықтың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.
 
Қасым-Жомарт Тоқаев Луис Инасиу Лула да Силваның аса жауапты қызметіне табыс, ал Бразилия халқына құт-береке тіледі.