26 там, 2025 сағат 10:48

Тоқаев Қытайға ресми сапармен барады

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен 30 тамыз – 3 қыркүйек күндері Қытайға ресми сапар жасайды, деп хабарлайды Ult.kz.

Сапар бағдарламасы:

  • 31 тамыз – 1 қыркүйек: Тяньцзинь қаласында өтетін ШЫҰ саммитіне және «ШЫҰ плюс» форматындағы жиынға қатысады.

  • 2 қыркүйек: Бейжіңде Қазақстан – Қытай Іскерлік кеңесінде сөз сөйлеп, Қытайдың жетекші компанияларының басшыларымен кездеседі.

  • 3 қыркүйек: Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты шараға мәртебелі мейман ретінде қатысады.

Негізгі тақырып – қазақ-қытайдың мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестігін дамыту.