Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Келісім шеңберінде тараптар өз мемлекеттерінің заңнамаларына және халықаралық міндеттемелеріне сәйкес көші-қон, екінші Тарап мемлекетінің аумағындағы бір Тарап мемлекеті азаматтарының құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастықты, оның ішінде ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
Келісім Тараптар мемлекеттерінің көші-қон заңнамасы туралы, оның ішінде көші-қон процестерін реттеу, қос азаматтық фактілерінің жолын кесу, заңсыз көші-қонға қарсы күресті ұйымдастыру, сондай-ақ заңнаманың көрсетілген салаларындағы өзгерістер туралы алмасуды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасауды көздейді. Парламент Қазақстан мен Беларусь арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады.
Құжатқа 2019 жылғы 25 қазанда Нұр-сұлтан қаласында қол қойылды.
Келісім азаматтық туралы ақпарат алмасуға, заңсыз көші-қонмен күресуге мүмкіндік береді.
Нақты айтқанда, бұл статистикалық ақпарат алмасуға, азаматтар туралы жеке ақпарат алуға, екі ел үкіметтерінің тәжірибе алмасуға және бір-біріне практикалық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Сондай - ақ, Қазақстан мен Беларусь азаматтарының құқықтық мәртебесін анықтау керек.
Бүгінгі таңда ішкі істер министрлігі 23 халықаралық келісімді бекітті, тағы тоғызы дайындық сатысында.
Осы келісімнің нәтижесінде ақпарат алмасу жақсарады, адамдарды басқа елдерге қайтару мәселесі шешіледі, шетелдіктердің Қазақстанда болу мерзімі анықталады және қос азаматтыққа жол берілмейді. Шарт теріс әлеуметтік-экономикалық құқықтық салдарға алып келмейді, қосымша қаражат талап етпейді.
Айта кетейік, 2020 жылы 11 мыңға жуық этникалық қазақ тарихи отанына оралды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, оларға қандас мәртебесі берілді.
2020 жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша, 10,9 мың адам Қазақстанға, түпкі отанына оралды.
Айта кетейік, 1991 жылдан бері елге бір миллион 68,3 мың этникалық қазақ оралған.
Ресми деректерге сәйкес, 2020 жылы Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі Қытайдан келді. Сонымен қатар 27,7%-і – Өзбекстаннан, 9,1% – Түрікменстаннан, 3,4% – Моңғолиядан және басқа да елдерден 2,9%-і келген.
Отанына оралған этникалық қазақтар Алматы және Маңғыстау облыстарына, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларына қоныстанып жатыр. Келген қандастардың 10,3%-і – зейнет жасындағы азаматтар, ал басым бөлігі еңбекке қабілетті жандар.
2020 жылдың 1 ақпандағы жағдай бойынша ел халқының саны 18, 6 миллион адамды құрады, оның ішінде қалалық 58,5%, ауылдық - 41,5%. 2019 жылдың 1 ақпанмен салыстырғанда халық саны 1,3% - ға өсті. Қарастырылып отырған кезеңде ең үлкен жалпы өсім еліміздің 3 өңірінде байқалды: Алматы қ., Нұр-сұлтан қаласы және Түркістан облысында. Соңғы 16 жылда түрлі бағдарламалар бойынша ауылдарды дамытуға мемлекет екі триллион теңгеге жуық қаражат бөлді.
Eстeріңізгe сала кeтeйік, Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Келісім азаматтық туралы ақпарат алмасуға, заңсыз көші-қонмен күресуге мүмкіндік береді.