ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Жастар жылына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қазақстан жастары білімді, жан-жақты дамыған әрі дарынды. Біздің еліміздің болашағы солардың қолында. Мемлекет басшысы ашқан Жастар жылы жас ұрпақтың өзекті мәселелерін шешуге күшті серпін береді, олардың өзін-өзі танытуға мүмкіндік туғызады», - деді Қ. Тоқаев твиттер әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Сонымен қатар, ол Қазақстанның озық ойлы жастары ғылымда, ІТ-технологиясында, мәдениет, бизнес пен спортта тамаша нәтижелерге қол жеткізгенін атап өтті. Оның пайымынша, қабілетті, жігерлі жастарға тиісті жағдай жасап, ынта-ықыласын арттыру керек.
«Сенаторлар Жастар жылын қолдауға бағытталған жұмыстарға қызу кірісті. 7 ақпанда Сенатта дөңгелек үстел отырысы болады, онда депутаттар мен жастар өкілдері жас ұрпақтың бастамаларын заң жүзінде қолдау мүмкіндіктерін талқылайды», - деп жазады Сенат төрағасы.