04 шіл, 2019 сағат 15:09

Тоқаев қаржы саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған заңға қол қойды

Мемлекет басшысы қаржы саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, азаматтарға арналған салықтық рақымшылық рәсімін реттеуге және жаппай жария ету мерзімдерін ауыстыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.