#
#
Сенбі 17/04/2021

Тоқаев Экономикалық ынтымақтастық ұйымының аясындағы болашағы бар жобаларды атады

  • 04.03.2021
  • 0
  • 92

Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысқан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев аталмыш ұйымен ықпалдастық Қазақстан сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Президенттің пікірінше, ұйым аясындағы өзара іс-қимылдың негізі инфрақұрылымдық, әлеуметтік және мәдени бағыттардағы ірі жобалар болуы керек. Қытаймен бірлесіп қолға алынған Транскаспий халықаралық көлік бағыты – сондай болашағы зор жобалардың бірі. Атап айтқанда, 2019 жылдың қараша айында Қазақстан, Қытай, Әзербайжан, Грузия және Түркияны байланыстыратын Сиань-Ыстамбұл-Прага бағыты бойынша контейнерлік пойызы жүре бастады. Былтыр сәуір айында Сиань-Измир бағытындағы бірінші контейнерлік құрам жүріп өтті. Ол 7 000 шақырым қашықтықты 16 күнде еңсерді.

– Бұл – өзара ықпалдастығымыздың жақсы үлгісі. Дегенмен орнықты дамуды қамтамасыз ету үшін әлі де көп іс атқаруымыз керек. Биыл біз Қазақстан – Түрікменстан – Иран темір жол бағытының толық іске қосылуын қамтамасыз етуге тиіспіз. Басқа да жаңа бағыттар пысықталуда. Түркістан мен Ташкент арасындағы жоғары жылдамдыққа арналған темір жол Қазақстанның да, Өзбекстанның да туристік әлеуетін арттырады деп күтілуде. Бұл жол уақытты екі сағатқа дейін қысқартуға және екі ел кәсіпкерлері арасындағы байланыстарды жеңілдетіп, әлеуметтік қатынастарды жақсартуға мүмкіндік береді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетсек, Қазақстан Президенті Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар