26 қаң, 2021 сағат 10:28

Тоқаев: Ауыл тұрғындары мал жаятын жайылым таппай қиналуда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жыл соңына дейін пайдаланылмай жатқан жайылымдарды қайтаруды жүктеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Жайылымдар мәселесіне арнайы тоқталғым келеді. Бұл жерлер ең алдымен ауыл тұрғындарына қолжетімді болуы керек. Жергілікті әкімдіктер жұмысты дұрыс ұйымдастырмай жатыр. Соның салдарынан ауыл тұрғындары мал жаятын жайылым таппай қиналуда. Әсіресе Алматы, Түркістан облыстарынан арыз-шағымдар көп түсуде. Жайылымдардың 99 пайызы шаруа қожалықтардың иелігінде. Алайда оның 36 пайызында ғана мал жайылады. Қалған 46 млн гектар жайылым жер бос жатыр. Үкіметке Бас прокуратурамен бірлесіп, биылғы жылдың соңына дейін осындай жайылымдарды қайтаруды тапсырамын», - деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.