01 қар, 2024 сағат 11:33

«Тиісті бақылаудың болмауы»: Тоқаев Қарағанды облысының әкіміне сөгіс жариялады

Фото: Pixabay

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевқа «Жылыту маусымына дайындық жұмыстарына тиісінше бақылау жасамағаны үшін» сөгіс жариялады, деп хабарлайды Ult.kz.

Еске сала кетсек, Саран қаласындағы жаңа қазандықтың мәселелері тек аймақты ғана емес, бүкіл Қазақстанды алаңдатты. Айдың ортасында премьер-министр Бектенов қаланы суықта қалдырғаны үшін Саран қаласының әкімі жауапты болатынын хабарлаған еді.

Саран қаласының әкімі қызметінен босатылды. Кейін премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қаладағы қазандықтың іске қосылғанын мәлімдеді.

Облыс әкіміне сөгіс жарияланғаны туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында хабарлады.