14 қыр, 2021 сағат 16:36

Теннис: Рыбакина әлем рейтингінде 17-орынға көтерілді


Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) рейтингі жаңартылды, деп хабарлайды Olympic.kz Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина өз позициясын жақсартып, қазір 17 орынға көтерілді. Ал Юлия Путинцева 11 сатыға төмендеп, 44-ші орынға жайғасты. Зарина Дияс бес сатыға көтеріліп, әлем рейтингінде 105-ші орында тұр.

Жұптық санат бойынша Анна Данилина бір саты жоғарылап 88-орынға көтерілді. Өз кезегінде Жібек Құламбаева мен Гозал Айтиндинова 466 және 493 орындарды иеленді.