Фото: © Sputnik / Максим Богодвид
Атырау облысында екі ірі мұнай компаниясы экология заңнамасын бұзғаны үшін жалпы сомасы 10,7 млрд теңгеге жауапқа тартылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" өңір прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Атырау облысының прокуратурасы табиғатты пайдалану субъектілерінің экологиялық заңнама талаптарын сақтауына талдау жүргізді.
Талдау шеңберінде парниктік газдар квотасынан асып кету, эмиссияны экологиялық рұқсатсыз жүзеге асыру, сондай-ақ рұқсат етілген шығарындылар нормаларынан асып кету және жердің ластану фактілері анықталды.
Енгізілген прокурорлық қадағалау актілерінің нәтижеcімен «Karabatan Utility Solutions» ЖШС және «Теңізшевройл» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.
Осылайша, сот аталған қос компанияны кінәлі деп танып, олардан айыппұл түрінде 10,7 млрд теңге өндіріліп алынды.