15 ақп, 2024 сағат 11:00

Теміртауда жарылыс болған дүкеннің астынан бір әйелдің денесі табылды


Сурет: Вечерняя Караганда

Теміртаудағы жарылыстан кейін қирап қалған дүкен ғимаратының астынан бір адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ТЖД-ге сілтеме жасап.

Таңғы 09:49 кезінде құтқарушылар үйінді астынан әйелдің денесін сыртқа шығарды. Жедел жәрдем бригадасы өлім фактісін растады. 

Еске сала кетейік, бүгін таңертең Теміртауда қос қабатты дүкен ғимаратында газ жарылған болатын. Дүкен опырылып, өртенген. 

Сағат 08:44 шамасында үйінді астынан әйел адам шығарылды. ТЖМ сағат 09:08 кезінде өрт оқшауланғанын хабарлады. Үйінді астынан табылған марқұм дүкеннің сатушысы болған. Екінші зардап шеккен әйел — сауда жасауға келген қала тұрғыны.

Ол ауруханада жатыр.