04 мам, 2021 сағат 11:57

Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы тағайындалды


Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Ержан Болатұлы Мейрамов ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ержан Мейрамов 1982 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін, Қазақ экономикалық университетін, Лондон Корольдік колледжін бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі - заңгер, экономист, мемлекеттік саясат магистрі.

Еңбек жолын 2003 жылы ҚР Қаржы министрлігі Заң қызметі департаментінің құқықтық сараптама бөлімі маманының м. а. болып бастаған.

2004-2011 жылдары - ҚР Қаржы министрлігінің құрылымында түрлі лауазым атқарды.

2011 жылғы сәуір-маусым аралығында Қазақстан Даму банкінің Заң департаменті директорының орынбасары болды.

2014-2016 жылдары - "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ инвестицияларды коммерцияландыру және тарту департаментінің директоры.

2016 жылғы мамырдан бастап қазірге дейін коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерді атқарды.