15 мам, 2022 сағат 19:14

Текелідегі сел: 5 жасар қыздың денесі табылды


Текелі қаласындағы лай көшкіні кезінде жоғалған бес жасар қыздың мәйіті табылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"15 мамырда сағат 18.15-те "Багира" атты қызметтік иттің көмегімен Текелі қаласында лай массасының ағуы кезінде қаза тапқан 2016 жылғы қыздың денесі үйінді астынан табылды", - делінген хабарламада. 

Айта кетсек, бүгін түскі сағат 13:00 шамасында Текелідегі Қонаев көшесінде лай көшкіні жүріп, бес жастағы қыз бала жоғалып кеткен. Оны іздеуге екі жүздей адам жұмылдырылды.

Текелі қаласындағы лай көшкінінің алдын ала ұзындығы - 50 метр, ені - 25 метр, биіктігі - 3,5 метр, көлемі - 4375 текше метр.