Фото: newsroom.kz
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс елдерінен азаматтарды эвакуациялау жұмыстары толық аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.
Ресми мәліметке сәйкес, өңірден барлығы 10 275 қазақстандық Отанына қайтарылды. Азаматтарды эвакуациялау әуе және құрлық бағыттары арқылы жүзеге асырылды.
Министрліктің хабарлауынша, өңірдегі қазақстандық дипломатиялық өкілдіктер шетелдік құзыретті органдармен өзара үйлестіру жұмыстарын жүргізіп, азаматтармен тұрақты байланыста болған. Сонымен қатар отандастарға қажетті консулдық көмек көрсетілген.
Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтардың қауіпсіз елге оралуына қолдау білдірген мемлекеттік органдар мен шетелдік серіктестерге алғыс айтты.
