16 мау, 2025 сағат 15:50

Таяу Шығыстағы әуе шабуылдары жалғасуда

Фото: AFP

Иран мен Израиль арасындағы шиеленіс күшейіп, әуе шабуылдары төртінші күн қатарынан жалғасуда, деп хабарлайды Ult.kz.

Израильдің жексенбі күні Тегеранға жасаған соққысының салдарынан үш күн ішінде 224 адам қаза тауып, 1200-ден астам адам жарақат алды. Зымыран соққыларынан үрейленген Тегеран тұрғындары қаладан кетуге әрекеттенуде.

Бүгін Иранның Израильге жасаған зымыран шабуылдары нәтижесінде 3 адам қаза тауып, 35 адам жарақат алды. Ракеталар Хайфа, Петах-Тиква және Тель-Авивтегі көпқабатты үйлерге түсті. Сондай-ақ, жексенбі күні Бат-Ям қаласында 10 адамның денесі табылды.

Иран Израиль толық жойылғанға дейін оған қарсы операцияларын жалғастырмақ ниетте. Бұл туралы Ислам революциясы сақшылар корпусының (ИРСК) мәлімдемесінде айтылған. 

Екі ел арасындағы қақтығыс өткен жұмада Израильдің Иранның ядролық нысандарына соққы беруімен басталған.