15 жел, 2024 сағат 15:46

Тәуелсіздіктің 33 белгісі мен белесі


Фото: egemen.kz


Бүгінде Тәуелсіздіктің құрдастары 33 жастың белесіне шықты. Бірі әке, бірі ана атанса, бірі мықты маман, бірі тәуелсіз азамат болып қалыптасты. Осы орайда Ult.kz тілшісі Тәуелсіздіктің 33 белгісі мен белесін тізбектеп көрді.


1. 1986 жылғы 16 желтоқсанда Алматыда сол кездегі коммунистік партияның 18 минутқа созылған жедел жиынында Қазақстанда Геннадий Колбин елге басшы болып тағайындалды. Оған наразы болған бірнеше мың қазақ жасы 17 желтоқсанда Алматының орталық алаңына жиналып, наразылығын білдірді.


2. Қазақстан 1990 жылғы 25 қазанда «Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы декларация» қабылдады.


3. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы кеңесі «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы» заңды қабылдады.


4. 1991 жылғы 29 тамызда Семей полигоны жабылды.


5. 1991 жылғы 2 қазанда қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты.


6. Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылғы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды.


7. Алматы қаласында 1992 жылғы 28 қыркүйек пен 4 қазан аралығында дүниежүзі қазақтарының алғашқы құрылтайы өтті.


8. 1992 жылғы 7 мамырда Мемлекеттік қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды.


9. 1992 жылғы 22 мамырда Қазақстан ЮНЕСКО құрамына енді.


10. 1992 жылдың 4 маусымында Тәуелсіздіктің басты атрибуттары – Ту мен Елтаңба бекітілді. Ал 11 желтоқсанда Әнұранның мәтіні бекітілді.


11. 1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылданды.


12. 1993 жылдың 15 қарашасында Ұлттық валюта  – теңге айналымға енді.


13. 2000 жылы Президент Жарлығымен Ұлттық қор құрылды.


14. 1995 жылдың наурыз айында Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. 


15. 1996 жылғы 16 желтоқсанда Алматыдағы Республика алаңында Қазақстан Tәуелсіздігінің бес жыл толуына байланысты «Тәуелсіздік монументі» ашылды.


16. 1997 жылдың 20 қазанындағы «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» №3700 Жарлыққа сәйкес, Ақмола қаласы ресми түрде 1997 жылдың 10 желтоқсанынан астана болып саналады.


17. 1997 жылғы 1 қазанда Қазақстан  – 2030 стратегиясы – ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасын қабылдады.


18. 1999 жылы екі елдің басшысы мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «Қазақстан  – Қытай мемлекеттік шекара сызығын демаркациялау туралы хаттаманы бекіту» заңына сәйкес, шекаралық мәселелерді толық реттеп, құжатқа қол қойды.


19. 2001 жылы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасы басталды.


20. 2003 жылы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын жасауды тапсырды.


21. 2009 жылғы 19 мамырда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің №224 бұйрығымен - «Болашақ» халықаралық стипендиясы бекітілді.


22. 2010 жылы Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтас­тық ұйымының Астана саммиті өтті.


23. 2017 жылы Астанада ЭКСПОхалықаралық мамандандырылған көрмесі өтті.


24. Алматы қаласында 2017 жылғы 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында қысқы универсиада өтті.


25. Қазақ тіліндегі «100 жаңа оқулық» жобасы 2017 жылдан бастап жүзеге асырыла бастады.


26. 2019 жылғы 19 наурыз күні кешкі сағат 19:00-де Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа бейнеүндеу жолдап, өз өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді.


27. 2019 жылғы 9 маусымда өткен кезектен тыс Президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаев 70,96 пайыз дауыс жинап, Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.


28. 2022 жылдың 2 қаңтарында сұйытылған газдың қымбаттауына байланысты Қазақстанда басталған наразылық шаралары тәуелсіз Қазақстанның 30 жылдық тарихындағы ең қатал қақтығысқа айналды.


29. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел назарын аударған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды


30. 2023 жылғы 16 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды халық санының 20 миллионға жетуімен құттықтады.


31. Президент Қ.Тоқаевтың Жарлығымен Алматы облысындағы Жетіген ауылы Алатау қаласына айналады. Бұл туралы тиісті құжатқа 2024 жылғы қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.


32. «2024 жылғы 6 қазанда өткен референдумда ел халқы «Қазақстанда АЭС салуды қолдайсыз бадеген сауалға жауап берді.


33. Қазақстан БҰҰ электронды үкімет бойынша әлемдік рейтингісінде 24-орынға ие болды. БҰҰ рейтингісі екі жылда бір рет жасалады және ол 193 елдің арасында өткізіліп, бағаланады.

 

Ақбота Мұсабекқызы