15 жел, 2024 сағат 16:22

Тәуелсіздікке арналған ескерткіштер

Фото: egemen.kz


Көпшілікке белгілі, тәуелсіз әр елдің өз тәуелсіздігіне арналған тарихи ескерткіші бар. Тарихтың ауыр сынын бастан өткеріп, ұзақ жылдарға созылған бодандықтың құрсауын бұзып шыққан қазақ елі де бүгінде әр жерден, әр аймақтан арнайы ескерткіш орнатуды ұмытқан жоқ. Осы орайда Ult.kz тілшісі еліміздің Тәуелсіздікке арнаған бас монументтеріне тоқталды.


16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. Халқымыз егемендікке қол жеткізген алғашқы жылдары жас мемлекетіміздің баға жетпес құндылығы –Тәуелсіздікті дәріптеп, абыройын асқақтатып тұратын ескерткішке зәру болды. Елімізде дәл осындай маңызды күнге арналған бірнеше ескерткіш бар.