19 мау, 2021 сағат 13:50

Таразда жезөкшелер притоны анықталды


Жамбылдық полицейлер арнайы шара барысында жезөкшелер притонын анықтады,- деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Стоп-Трафик» жедел- алдын алу іс-шарасының алғашқы күні Тараз қаласының сауықтыру кешендерінің бірінде полиция қызметкерлері жезөкшелікпен айналысу үшін притонды ұйымдастырумен және ұстаумен айналысқан 36 жастағы әйелді ұстады. 

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 309-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған азамат кінәсін мойындады.

«Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 449-бабының 1-бөлігі (Қоғамдық орындарда тиісу) бойынша 12 адам әкімшілік жауапқа тартылды, ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабының 1-бөлігі (Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар беру) бойынша 1 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталды», - делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Профилактикалық есепке «сутенер» санаты бойынша 1 адам және жезөкшелікпен айналысқаны үшін 1 әйел қойылды.