13 там, 2022 сағат 13:42

Таразда Қонаевтың ескерткіші ашылды


Тараз қаласында Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевқа арналған ескерткіш ашылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

Салтанатты рәсімге Қонаев атындағы халықаралық қордың президенті һәм вице-президенті Эльдар Қонаев пен Болат Қажыақбар, жиені Диар Қонаев, танымал актер Асанәлі Әшімов және қаланың құрметті азаматтары қатысты.

Ескерткіш Қазақстанның көрнекті мемлекет қайраткерінің 110 жылдығына орай орнатылған.

Оның биіктігі тұғырымен қоса алғанда сегіз метрге жетеді.

Монумент авторлары - мүсіншілер Дулат Үсенбаев, Қанат Бигулиев, Данияр Сарбасов және Әлімжан Тоқбаев.

Айта кетейік, Дінмұхамед Қонаев Қазақстан Компартиясы ОК-тің Бірінші хатшысы (1960-1962 және 1964-1986 жылдары), КОКП ОК Саяси бюросының мүшесі (1971-1987 жылдары), үш рет Социалистік Еңбек Ері атағын алған (1972, 1976 және 1982 жылдары).