Фото: Polisia.kz
Жамбыл облысында интимдік сипаттағы бейнежазбаны таратпау үшін ақша бопсалаған күдіктілер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тараз қаласының полиция бөліміне бопсалау дерегі туралы облыс орталығының 24 жастағы тұрғыны шағымданған. Жігіттің айтуынша, өзге адамдар интимдік сипаттағы бейнежазбаны таратпау үшін бопсалау және қоқан-лоққы көрсету арқылы оның 990 мың теңге көлеміндегі ақшасын иемденген.
"Бұл дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 94-бабы 2-бөлігі (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде Жамбыл облысының полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері “Арлан” арнайы мақсаттағы бөлінісімен бірлесіп 29, 28, 24 және 19 жастағы төрт азаматты анықтап, ұстады. Ұсталғандар өз кінәларын толық мойындады.
24 пен 29 жас аралығындағы күдіктілер Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Екі қатысушыға қатысты ешқайда кетпеу туралы жазбаша бұлтартпау шарасы таңдалды" - делінген хабарламада.
Ұсталғандардың бірінің бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Қазіргі уақытта істің толық мән-жайын анықтау мақсатында барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.