27 там, 2021 сағат 11:29

Тараз маңындағы жарылыс: үш әскери қызметші байланысқа шықпай отыр


Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы әскери қоймада болған өртте үш әскери қызметші жоғалып кетті. Бұл туралы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Біздің әскери бөлімде барлығы 135 адам қызмет етеді, оның ішінде бірнеше азаматтық қызметші мен әскерилендірілген күзет бар. Олардың басым бөлігі келісімшарт бойынша жүрген әскери қызметшілер. Шамамен 15 офицер. Онда мерзімді сарбаз жоқ. Біз әлі үш әскери қызметкермен байланыс орната алмай отырмыз, Төтенше жағдайлар департаментінің бірнеше адамы да жоғалып кетті. Ту мен құжаттарға келетін болсақ, кейбір әскери қызметші сонда соңына дейін қалып, қазіргі уақытта қару-жарақ, құжаттар, ту қауіпсіз жерге көшірілді", - деді Нұрлан Ермекбаев.

27 тамыз күнгі сағат 8.00-дегі жағдай бойынша, ауруханаларда 28 науқас бар, оның алтауы ауыр халде жатыр.

Еске салайық, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат шамамен 19.00-де қоймалардың бірінің маңында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылды. Жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланды.