Куәгерлер жолдаған сурет. Жамбыл облысындағы әскери қойма
Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери қоймада әлі де жарылыстар болып жатыр. Куәгерлер суреттер мен видеоларды жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Куәгерлердің айтуынша, әскери қойма жақтағы жарылыстар әлі де жалғасып жатыр. Жарылыс тіпті Тараз қаласы тұрғындарына естілген.
Мұның алдында Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі әскери қоймадан өрт шыққанын растаған еді.
"Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Өрт салдарынан белгіленбеген заттар жарылды. Өртті сөндіруге бөлімнің өрт сөндіру командалары, шынжыр табанды өрт сөндіру машиналары тартылды. Оларға Жамбыл облысы бойынша ТЖД өрт сөндірушілері көмек көрсетіп жатыр", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.