04 сәу, 2022 сағат 17:17

Танымал дәрігерді атып тастаған ер адам ұсталды – видео


Алматы қалалық полициясы белгілі дәрігерді атып тастаған ер адамды ұстау сәтінің видеосын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Видеодан қолында кісен салынған ер адамды анық көруге болады. Көліктің ішінен снайперлік винтовка табылды.

Айта кетейік, бүгін таңертең Алматының Бостандық ауданында белгілі гастроэнтеролог Юрий Шумковты аңшы мылтығымен атып кеткені хабарланған еді. Ақпарат "102" пультіне сағат 8:59-да түскен.

Оқ дәрігердің басына тиген.

Аталған дерек бойынша шаһар полициясы Қылмыстық кодекстің 99-бабы ("кісі өлтіру") бойынша тергеу басталғанын растады.