17 нау, 2026 сағат 13:27

Ақмола облысында әкесі мен баласы есірткі зертханасын ұйымдастырған


Фото: gov.kz
Ақмола облысында ірі көлемде синтетикалық есірткі өндірген жасырын зертхана әшкереленіп, қауіпті заңсыз бизнеске қатысы бар күдікті әкелі-бабалы екеу ұсталды, деп хабарлайды Ult.kz.

"Ішкі істер министрлігі “Заң мен тәртіп” принципі бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қызметкерлері Ақмола облысында ірі есірткі зертхасын жойды",  делінген хабарламада.


54 жастағы ер адам мен оның 26 жастағы ұлы ұсталды. Әкесі ұлын заңсыз бизнеске тартып, синтетикалық есірткі өндіруді үйреткен.

Арнайы операция барысында: 200 келі мефедрон; 2 тоннадан астам прекурсор; химиялық реактор; түрлі жабдықтар тәркіленді.

"Тәркіленген есірткі 600 жүз мың бір реттік дозаға тең. Қара нарықтағы құны 5 млрд теңге немесе 10 млн АҚШ долларынан астам. Бұл есірткі заңсыз айналымға түссе, мыңдаған адамның тағдырына балта шабушы еді", — деді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Данияр Мейірхан.

Айта кету керек, прекурсор басқа өңірлерге де жеткізілмек болған.