09 ақп, 2018 сағат 17:51

Тамара Дүйсенова қызметінен босатылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылды, – деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Ол мұның алдында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі қызметін атқарды. 

Естеріңізге сала кетейік, бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп, Мемлекет басшысы үкімет жұмысына баға берген-тін.